Ойындар: "Құстарға қамқор болайық" » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ойындар: "Құстарға қамқор болайық"
20
январь
2026

Ойындар: "Құстарға қамқор болайық"

«Құстарға қамқор болайық»

Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру – отбасыдан басталады. Әсіресе құстарға қамқорлық жасау арқылы балада мейірімділік, жауапкершілік және экологиялық мәдениет дамиды. Осы бағытта ата-аналарға төмендегідей ойын түріндегі кеңестер ұсынамыз:

1. «Құсты таны» ойыны
Балаңызға әртүрлі құстардың суреттерін көрсетіп, атын атауды сұраңыз. Даусын салып көрсетуге де болады.
Мақсаты: баланың танымдық қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.

2. «Құстарға үйшік жасайық»
Отбасымен бірге қарапайым құс ұясын немесе жем салғыш жасау.

 Мақсаты: еңбекке баулу, табиғатқа қамқорлық сезімін қалыптастыру.

3. «Құстарды тамақтандыр» ойыны
Серуен кезінде балаға құстарға жем шашуды тапсырыңыз.
Мақсаты: мейірімділік пен жанашырлықты дамыту.

4. «Қай құс қалай ұшады?»
Әртүрлі құстардың қимылын салып, бірге ойнаңыз (мысалы, торғай – секіреді, қарға – баяу ұшады).
Мақсаты: қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.

5. «Құстың дауысы» ойыны
Әр құстың дыбысын салып, баладан қай құс екенін табуды сұраңыз.
Мақсаты: есту қабілетін дамыту.

6. «Жақсы – жаман» әңгімесі
Құстарға не істеуге болады, не істеуге болмайды (ұясын бұзбау, тас лақтырмау т.б.)
Мақсаты: дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру.

7. «Құстар туралы ертегі құрастыру»
Балаңызбен бірге құстар туралы шағын ертегі ойлап табыңыз.

 Мақсаты: қиялын және сөйлеу тілін дамыту.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив