"Бөбекжай-бақшадағы экологиялық тәрбиенің маңызы"




Тақырыбы: «Бөбекжай-бақшадағы экологиялық тәрбиенің маңызы»
Қазіргі таңда экологиялық тәрбие – баланың тұлғалық дамуының маңызды бөлігі. Балабақша жасынан бастап бала табиғатты танып, оны аялауды үйренсе, болашақта қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын азамат болып қалыптасады. Сондықтан экологиялық тәрбие балабақша мен отбасының бірлескен әрекеті арқылы тиімді жүзеге асады.
Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ата-аналарға экологиялық тәрбиенің маңызын түсіндіру және оны отбасында жалғастыру жолдарын ұсыну.
Экологиялық тәрбиенің бала дамуына әсері:
Табиғатқа жанашырлық сезімі қалыптасады;
Жауапкершілік пен ұқыптылық дамиды;
Танымдық қызығушылығы артады;
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу әдеті қалыптасады.
Экологиялық ойын түрлері
1. «Табиғат» ойыны
Мақсаты: табиғи және жасанды нысандарды ажырату
Қалай ойналады: Ата-ана заттардың атын айтады (ағаш, тас, мысық, ойыншық).
Бала:
– тірі болса – қол шапалақтайды,
– өлі болса – қолын төмен түсіреді.
2️ «Табиғатты қорғаймыз»
Мақсаты: экологиялық дұрыс әрекеттерді үйрету
Қалай ойналады:
Ата-ана әрекеттерді айтады, бала дұрыс/бұрысын ажыратады:
Қоқысты жерге тастау ❌
Ағашты суару ✅
Гүлді жұлу ❌
Құсты қорғау ✅
3️. «Жапырақты таны»
Мақсаты: табиғатқа қызығушылықты арттыру
Қалай ойналады:
Серуен кезінде жапырақ жинап,
— «Бұл қай ағаштың жапырағы?»
— «Түсі қандай?» деп сұрақ қою.
4️. «Қамқор бала» рөлдік ойыны
Мақсаты: жауапкершілік сезімін қалыптастыру
Қалай ойналады:
Бала өзін:
– гүл күтуші,
– жануар қамқоршысы,
– табиғат қорғаушы ретінде елестетеді.
5. «Су – тіршілік көзі»
Мақсаты: суды үнемдеу дағдысын қалыптастыру
Қалай ойналады: Балаға суды босқа ағызбау, гүл суару, қол жуу кезінде суды үнемдеу үйретіледі.
Ата-аналарға ұсыныстар:
Баламен бірге табиғат туралы әңгімелесу;
Серуен кезінде табиғатты бақылау;
Үйде өсімдік күтуге баланы қатыстыру;
Экологиялық тақырыптағы мультфильмдер мен ертегілер көру;
Балаға өз әрекетіңізбен үлгі болу.
Қорытынды.
Экологиялық тәрбие – баланың болашағына салынған инвестиция. Табиғатты сүю, қорғау және аялау дағдылары баланың бойында балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы арқылы қалыптасады. Әрбір ата-ана баласына табиғатты қорғауды үйрету арқылы жарқын болашаққа үлес қоса алады