Логопедтің ата-аналарға арналған кеңесі. Тақырыбы: "Баланың тілін дамытуға арналған тиімді жаттығулар мен ойындар". » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Логопедтің ата-аналарға арналған кеңесі. Тақырыбы: "Баланың тілін дамытуға арналған тиімді жаттығулар мен ойындар".
14
июль
2025

Логопедтің ата-аналарға арналған кеңесі. Тақырыбы: "Баланың тілін дамытуға арналған тиімді жаттығулар мен ойындар".


Тақырыбы: «Баланың тілін дамытуға арналған тиімді жаттығулар мен ойындар»

Мақсаты:  

Ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша әдіс-тәсілдер мен ойындарды ұсыну арқылы олардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру.


Міндеттері:

- Баланың сөйлеу тілін дамыту жолдарын таныстыру;

- Үй жағдайында қолдануға болатын жаттығулармен таныстыру;

- Ата-аналар мен баланың арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.


1. Дыбыстық есту қабілетін дамыту ойындары


«Не естідің?»  

Бала көзін жұмып, түрлі тұрмыстық дыбыстарды тыңдайды (сағат тықылы, қағаз сытырлауы, қасық тиюі). Дыбысты танып, оның атауын айту керек.  

Мақсаты: есту қабілетін, зейін мен сөз қоры…

Бала айнаға қарап, тіл мен еріннің қозғалыстарын бақылай отырып, дыбыстарды айтады (п, б, м, с т.б.).  

Мақсаты: дұрыс дыбыстауға үйрету.


2. Сөздік қорды байыту ойындары

«Не артық?»  

Мысалы: алма, алмұрт, банан, көлік. Артық сөзді табу арқылы бала заттарды салыстыруды үйренеді.  

Мақсаты: логикалық ойлау мен сөздік қорды дамыту.

«Суретпен сөйлесейік»  

Балаларға сурет көрсетіледі. Олар суретте не көріп тұрғанын сипаттайды.  

Мақсаты: байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.


3. Қимылмен сөйлеу және рөлдік ойындар

«Кім қалай дыбыстайды?»  

Педагог жануардың атын айтады, бала оның дауысын салып, қимылын көрсетеді.  

Мақсаты: эмоциялық, интонациялық сөйлеуді дамыту.

Рөлдік ойындар:  

«Дүкен», «Дәрігер», «Отбасы» секілді ойындарда бала белгілі бір рөлді сомдайды.  

Мақсаты: сөзбен өз ойын жеткізу, диалог құру.


4. Тақпақ, жаңылтпаш жаттау

Қарапайым 2-4 жолды тақпақтар мен жаңылтпаштарды күнделікті қайталап, жаттату.  

Мысалы:  

«Қар жауып тұр сыртта,  

Шуақ төккен бұлтқа.»

Мақсаты: есте сақтау, сөздің құрылымын түсіну, дикцияны жақсарту.


5. «Сиқырлы қап»  

Қаптың ішіне түрлі заттар (доп, қасық, щетка, ойыншық т.б.) салынады. Бала қолымен сипап, не екенін табуы керек, кейін оны сипаттап айтып береді.  

Мақсаты: тактильдік сезімді, сөздік қор мен сипаттау дағдысын дамыту.


6. «Сөз тізбек»  

Бір бала сөз айтады, келесі бала сол сөздің соңғы дыбысынан басталатын жаңа сөз айтады.  

Мысалы: алма – арба – автобус...  

Мақсаты: зейін, есте сақтау және сөздік қорды кеңейту.


7. «Қай буын қайда?»  

Педагог сөзді екіге бөліп айтады: «ша – на», бала оны толық сөз ретінде қайталайды.  

Мақсаты: буынға бөлу дағдысын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге үйрету.


8. «Суретті құрастыр» (Пазл сипаттау)  

Балаға суреттің бөлшектері беріледі. Құрастырып болған соң, ол не екенін айтып, түсіндіреді.  

Мақсаты: ойлау, сөйлеу, сипаттау қабілетін арттыру.


9. «Менің көңіл-күйім»  

Балаға түрлі эмоцияны білдіретін бет-әлпет суреттері көрсетіледі. Ол соны сипаттап, қашан сондай көңіл-күйде болатынын айтады.   

Мақсаты: эмоционалдық сөздік қорды дамыту, өз сезімін жеткізе білу.

Ұсыныстар:

- Тіл дамыту жұмыстары күн сайын, 10–15 минут көлемінде жүргізілуі тиіс;

- Балаға жылы, қолдаушы қарым-қатынас орнату – табыстың кілті;

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив