КЕЛДІ МІНЕ, ЖАҢА ЖЫЛ! №7 "Алтын балық" ересек тобы » №13 бөбекжай бақшасы
КЕЛДІ МІНЕ, ЖАҢА ЖЫЛ! №7 "Алтын балық" ересек тобы
Балабақшамызда тәрбиеленушілердің қатысуымен «Келді, міне, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: балаларға Жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін таныстыру, мерекелік көңіл күй қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ән айту, би билеу және тақпақ арқылы өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер әсем шыршаны айнала ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, қызықты ойындар мен көңілді сайыстарға қатысты. Балалар Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.

