2024-2025 оқу жылындағы консультациялық пункт жұмысының қорытындысы бойынша есеп
2024–2025 оқу жылындағы педагог-психологтың консультациялық пункт жұмысы бойынша жылдық қорытындысы бойынша есебі
2024–2025 оқу жылында №13 бөбекжай-бақша базасында ата-аналарға арналған консультациялық пункт өз жұмысын белсенді түрде жалғастырды. Бөбекжай-бақшаның сайттарында хабарландыру берілді.Консультациялық пункт жұмысының жоспары, ержесі бекітілді.
Хабарландыру бойынша келген ата-аналардан өтініштер қабылданып, сауалнама толтырылды, консультациялық пунктке келетін балалардың тізімі құрастырылды. Өтініш білдірген 5 ата-ана. Тізім бойынша балалардың аты-жөні: Бакирова Ясмина, Мәдібек Асылхан, Ниябек Балнұр, Кашапов Вильдан, Есімбек Әбдінұр.
Жұмыс барысында баланың жеке дамуы, сөйлеу тілі, ойлау қабілеті, мінез-құлқы және мектепке дайындығы бағытында кешенді кеңестер мен практикалық тапсырмалар ұсынылды.
Ата-аналар мен балалар үшін МДҰ-ға келу кестесі құрылып, топтарға бөліну арқылы іске асырылды.
МДҰ-ға бармайтын балалар үшін "Ашық есік күндері" ұйымдастырылып, ата-аналар мен балаларға МДҰ жұмысы таныстырылды.
Ашық есік күндері барысында балаларға түрлі ойындық тапсырмалар ұсынылып, ата-аналармен жеке кеңес жүргізілді.
Жыл бойында келесі тақырыптарда кеңес беру жұмыстары жүргізілді:
"Дос боламыз, бәріміз!" тақырыбында ойын тапсырмалары арқылы балалар арасында достық, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылды.
Саусақ және алақан массажы арқылы баланың сөйлеу тілі, зейіні және ойлау қабілетін дамыту бойынша ата-аналарға тәжірибелік кеңестер берілді.
Психологтың "Қыңырлық пен қыңырлық" тақырыбындағы кеңесі арқылы ата-аналарға қиын мінез-құлықты балалармен қарым-қатынас жасау әдістері түсіндірілді.
Жыл басында балалардың таным процестерін анықтау мақсатында диагностика жүргізілді.
"Мектепке дейінгі ұйым және үйдегі дамыту ортасы" тақырыбында ата-аналармен сұхбаттар ұйымдастырылып, үй жағдайында баланы дамыту бойынша ұсыныстар берілді.
Консультациялық пункт арқылы ата-анаға жүйелі түрде кеңес берілді.
Ата-аналардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға деген қызығушылығы артты, бала дамуына белсенді араласа бастады.
Психологиялық диагностика нәтижесі бойынша балалардың көпшілігінің мектепке дайындығы оң деңгейде екені байқалды.
Саусақ жаттығулары мен массаж әдістері арқылы сөйлеу және ұсақ моторика дамуында оң өзгерістер болды.
Жыл бойы жүргізілген жұмыстар фотосуреттер мен бейнематериалдарға түсіріліп, ата-аналарға Telegram/WhatsApp арқылы таратылды. Бұл балалардың жетістіктерін көрсетуге және ата-аналардың сенімін арттыруға ықпал етті.
Жыл соңында ата-аналардан сауалнама алынып, олардың пікірлері төмендегідей болды:
100% ата-ана келесі оқу жылында да мұндай кеңестер жалғасса деген ниет білдірді, үйде қолдануға болатын нақты тәсілдер алғанын мәлімдеді және консультациялық көмектің пайдалы екенін айтты.
Консультациялық пункт жұмысы ата-аналар мен МДҰ арасындағы тығыз байланысты арттырып, баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға көмектесті. Ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізу баланың дамуын кешенді түрде бақылап отыруға мүмкіндік берді.