Ата-аналардың сұранысы бойынша жеке жұмыстар » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналардың сұранысы бойынша жеке жұмыстар
22
май
2025

Ата-аналардың сұранысы бойынша жеке жұмыстар

Ата-аналардың сұранысы бойынша жүргізілген

жеке жұмыстар туралы мәлімет


 Өткізу мерзімі: 2025 жылғы  қыркүйек – мамыр
 

Мақсаты:

       Ата-аналардың өтініші негізінде 2–5 жас аралығындағы балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, дамуындағы қиындықтарды анықтап, алдын алу.


2024–2025 оқу жылында №13 бөбекжай-бақша базасында ата-аналарға арналған консультациялық пункт өз жұмысын белсенді түрде жалғастырды. Бөбекжай-бақшаның сайттарында хабарландыру берілді. Консультациялық пункт жұмысының жоспары, ержесі бекітілді.

Хабарландыру бойынша келген ата-аналардан өтініштер қабылданып, сауалнама толтырылды, консультациялық пунктке келетін балалардың тізімі құрастырылды. Өтініш білдірген 5 ата-ана.

Ата-аналар консультациялық пунктке алдын ала жазылып, жеке қабылдауға келді.

Сұраныстар келесі мәселелерге қатысты болды:

Балалардың таным процестерін дамыту, қорқыныштар мен өз-өзіне сенімсіздік, құрдастарымен қарым-қатынас қиындықтары, мінез-құлықтағы қыңырлық туралы, мектепке психологиялық дайындық , балабақша мен үйдегі дамыту орта туралы.

Тізім бойынща жас ерекшелігіне сай психологиялық диагностикалық әдістемелер қолданылды:

"Сурет бойынша әңгіме құрау"; "Жануарлар арқылы эмоцияларды тану" ойыны;

"Мен баламын" өзін-өзі тану ойыны, саусақ жаттығулары арқылы моториканы бақылау.

Әр ата-анамен жеке кездесулер ұйымдастырылып, баланың дамуындағы ерекшеліктер мен қажетті қолдау түрлері түсіндірілді.

Кеңесте:

Үй жағдайында дамыту ойындарын қолдану;

Тыныш және қауіпсіз орта қалыптастыру;

Сөйлеу тілін дамытуға бағытталған тапсырмалар ұсынылды;

Баламен эмоционалдық байланыс орнату жолдары түсіндірілді.

4. Түзету-дамыту жұмыстары (балалармен):

3 балаға қысқа мерзімді психокоррекциялық жұмыс жүргізілді:

Сөйлеуді белсендендіруге арналған ойындар;

Рөлдік ойындар (отбасы, балабақша, дүкен);

Эмоцияны білдіру жаттығулары (айнамен жұмыс).

Ата-аналардың өтініші негізінде 2–5 жас аралығындағы балалармен жеке жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар консультациялық пунктке қатысып, балаларының даму ерекшеліктері бойынша қажетті кеңес алды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде балаларда сенімділік, сөйлеу белсенділігі, қарым-қатынас дағдысында оң өзгерістер байқалды. Ата-аналар тарапынан оң пікірлер мен алғыстар айтылды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив