Медбике кеңесі: "Баланың денсаулығы біздің қолымызда"


Баланың денсаулығы – отбасының, қоғамның және елдің болашағы. Ата-ана ретінде әрбір баланың дұрыс өсіп-жетілуіне жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Төменде баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған маңызды кеңестер ұсынылады.
1. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Баланың рационы теңгерімді болуы тиіс: көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет, балық және жармалар.
Тәтті, газдалған сусындар мен фаст-фуд өнімдерін шектеу қажет.
Тамақты уақытылы, күніне 4–5 рет беру маңызды.
2. Гигиеналық дағдыларды үйрету
Қолды сабындап жуу – жұқпалы аурулардың алдын алудың қарапайым әрі тиімді жолы.
Тіс тазалығы, шаш пен тырнақты күтіп ұстау – жеке гигиенаның негізгі бөлігі.
3. Дене белсенділігі мен таза ауада серуен
Балалар күніне кем дегенде 1–2 сағат таза ауада жүруі керек.
Қозғалыс ойындары мен дене жаттығулары ағзаны шынықтырып, иммунитетті күшейтеді.
4. Уақтылы екпелер мен дәрігерлік бақылау
Ұлттық екпе күнтізбесі бойынша екпелерді уақытында алу – ауыр дерттерден қорғану тәсілі.
Жылына кемінде бір рет профилактикалық тексеруден өту ұсынылады.
5. Психологиялық жайлылық
Баламен жиі сөйлесіп, оны тыңдай біліңіз.
Баланың эмоционалдық жай-күйіне көңіл бөліп, сүйіспеншілік пен қолдау көрсетіңіз.
Есіңізде болсын, әрбір дені сау бала – бақытты отбасының және жарқын болашақтың кепілі!
Сау бала – ел болашағы.