"Арт - терапияны тәжірибеге енгізу арқылы балалардың бойына әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту" » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Арт - терапияны тәжірибеге енгізу арқылы балалардың бойына әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту"
15
апрель
2026

"Арт - терапияны тәжірибеге енгізу арқылы балалардың бойына әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту"

 

Үйде арт-терапия ойындарын қолдану арқылы баланың

шығармашылығын дамыту

Құрметті ата-аналар!                                                                                                         

Баланың эмоциялық дамуы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруда үй жағдайындағы қарапайым арт-терапиялық ойындардың маңызы зор. Мұндай ойындар арқылы бала өз сезімін еркін білдіреді, қиялы дамиды және өнерге қызығушылығы артады.

1. «Көңіл-күй суреті»

Балаға қағаз беріп: «Бүгінгі көңіл-күйіңді суреттеп бер» деп сұраңыз.
 Бұл балаға өз сезімін түс арқылы жеткізуге көмектеседі

2. «Саусақпен сурет салу»

Бояуды саусақпен немесе алақанмен салуға мүмкіндік беріңіз.
 Бұл баланың қиялын дамытып, ұсақ моторикасын жақсартады.

 3. «Музыка және сурет»

Жай немесе көңілді әуен қосып, балаға сурет салдыртыңыз.
  Музыка баланың эмоциясын ашуға көмектеседі.

 4. «Менің кейіпкерім»

Бала өз көңіл-күйін бір кейіпкер ретінде салады (мысалы: көңілді күн, ашулы бұлт).
 Эмоцияны түсінуге және білдіруге үйретеді.

 5. «Сиқырлы дақ»

Қағазға бояу тамызып, оны бүктеп ашыңыз. Бала шыққан бейнені өзі толықтырады.
 Қиял мен шығармашылық ойлауды дамытады.

 6. «Бірге сурет салу»

Ата-ана мен бала бірге бір суретті толықтырады.
  Отбасылық байланыс нығаяды, сенім артады.

 Қорытынды:

Осындай қарапайым ойындар баланың тек шығармашылығын емес, оның эмоционалдық тұрақтылығын да дамытады. Ең бастысы – балаға еркіндік беріп, оның жұмысын бағалау және қолдау.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив