Ойын: "Ертегілер елінде" » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ойын: "Ертегілер елінде"
11
ноябрь
2025

Ойын: "Ертегілер елінде"


1. «Бауырсақты құрастыру» (Шығармашылық жұмыс)
Мақсаты:  
– Ұсақ қол моторикасын дамыту;  
– Пішіндер мен түстерді ажыратуға үйрету;  
– Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Қалай өткізіледі:  
– Балаларға түрлі түсті қағаз, дайын қиылған дөңгелек, көз, ауыз, бет элементтері беріледі.  
– Балалар қағаз бетіне бауырсақтың бейнесін құрастырады (аппликация).  
– Тәрбиеші: «Бауырсақтың көңіл күйі қандай болсын? Қуанышты ма, ашулы ма?» – деп бағыт береді.

Тақырыбы: «Бауырсаққа достарын табуға көмектесейік!»
Мақсаты: балалардың ертегі мазмұнын есте сақтауын, кейіпкерлерді тануын, ойлау және логикалық қабілеттерін дамыту.
Жүргізілуі:  
А4 қағазында «Бауырсақ» ертегісінің басты кейіпкері – бауырсақтың суреті ортаға жабыстырылады.  
Балалар ертегі мазмұнына сүйене отырып, бауырсақтың жолыққан достары – Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі суреттерін тауып, бауырсақтың айналасына дұрыс ретпен орналастырып жабыстырады.


2. «Кейіпкерді тап!» (Дидактикалық ойын)

Мақсаты:  
– Баланың есте сақтау, тыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту;  
– Ертегі мазмұнын бекіту.
Қалай өткізіледі:  
– Балалар шеңберде отырады.  
– Тәрбиеші сипаттама береді:  
  «Ол орманда тұрады, ұзын құлағы бар, сәбізді жақсы көреді...»  
– Балалар: «Бұл – Қоян!»  
– Барлық кейіпкерлерді осылай табады: Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.  
– Әр кейіпкер табылған сайын суретін немесе маскасын көрсетіп, сипаттамасын қайталайды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив