"Біздің бөбекжай-бақша" ата-аналарға арналған бөбекжай-бақша ішілік экскурсия » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біздің бөбекжай-бақша" ата-аналарға арналған бөбекжай-бақша ішілік экскурсия
22
сентябрь
2025

"Біздің бөбекжай-бақша" ата-аналарға арналған бөбекжай-бақша ішілік экскурсия

"Біздің бөбекжай-бақша" тақырыбындағы таныстыру экскурсиясы

         Бөбекжай-бақша меңгерушісінің бастамасымен ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, "Біздің бөбекжай-бақша" тақырыбында экскурсия өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды мекеменің материалдық-техникалық базасымен, оқу-тәрбие процесімен, топтардың ерекшелігімен және баланың күн тәртібімен таныстыру.
         Экскурсия барысында ата-аналар топтарды, балалардың жатын бөлмелерін, музыка бөлмесін, психологиялық және логопедиялық бөлмелерді, "STEAM" , "Эко" кабинеттерін аралап көрді. Меңгеруші ата-аналарға бөбекжайдың қызметі, балалармен жұмыс формалары мен әдістері туралы толық ақпарат беріп, тәрбиеленушілердің дамуына бағытталған бағдарламалармен таныстырды.
     Ата-аналар тарапынан қызығушылық танытып, мазмұнды сұрақтар қойылып, балаларының ортаға бейімделуі мен дамуындағы тәрбиешілердің рөлі жайлы оң пікірлер айтылды.
Ұсыныс ретінде ата-аналар мен педагогтер арасында ашық байланыс орнату, осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу, үй мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту ұсынылды.

Меңгерушінің кеңестері:

- Балабақшамен тығыз байланыста болыңыз. Тәрбиешілермен және мамандармен үнемі пікірлесіп, бала дамуын бірге қадағалаңыз.

- Баланың күн тәртібін, күнделікті режимін сақтауға көмектесіңіз.

- Үйде де мейірімділік пен жылы қарым-қатынасты сақтап, баланың тұлғалық дамуына қолдау көрсетіңіз.

- Балаңыздың жетістігіне қуанып, әрбір кіші жеңісін қолпаштап отырыңыз.

- Топта үйренген білім мен дағдыларын үйде қайталап, бекітуге көмектесіңіз.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив