"Балалардың жаздық сауықтыру шараларын тиімді өткізу." Алишери А.Б.-әдіскер.
Балалардың жаздық сауықтыру шараларын тиімді өткізу.
Жадыраған жаз айлары әр адам үшін ерекше маусым. Әсіресе, кішкентай балақайлар үшін бұл ең көңілді әрі көптен күткен сәттер. Жаздың шуақты күндерінде достармен далада ойнау, ата-анаңмен серуендеу – бала бақыты үшін тағы не керек? Десе де, балабақша туралы да ұмытпау керек. Балақайлар уақыттың басым бөлігін, сондай-ақ, жаз айларын да балабақшада өткізетіні рас. Сондықтан балабақшада балалардың жаздық сауықтыру шараларын барынша тиімді өткізу қажет.
- Жаздық сауықтыру шараларын не үшін ұйымдастыру қажет? Балаларға берер пайдасы қандай ? Мақсаты туралы айта кетейін:
- Баланыңденсаулығыннығайтуғақолайлыжазғыуақыт жағдайларын жан-жақтыпайдалану маңызды. Себебі жазғытабиғат мектеп жасына дейінгі балалардың танымдыққабілеттеріндамытуғаүлкенмүмкіндіктер ұсынады. Балабақшаға баратынбалаларменжазғыжұмысәдеттесауықтыруға бағытталады, алайда оныңөзіндікерекшелігі де жоқ емес. Әр оқу жылының сәуір-мамыр айларында алдағы жаз маусымында жүргізілетін жұмыстар жоспарланып, «Жазғы сауықтыру-дамыту жұмысының жоспары» бекітіледі. Балабақша ұжымы аталған жұмыс жоспарымен танысып, оны қызметте қолданады.Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудағы мақсат - балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту. Өсіп келе жатқан ағзаның демалу, шығармашылық белсенділік және қозғалыс қажеттіліктерін толық қанағаттандыру. Сауықтыру іс-шаралары негізінде олардың танымдық белсенділігінің үйлесімді дамуына ықпал ететін ең тиімді өмір сүру жағдайларын жасау.
Ал ең басты мақсат - балалардың өмірін қорғауға, денсаулығын нығайтуға және аурудың, жарақат алудың алдын-алуға қолайлы жағдай жасау.
- Сауықтыру жұмыстарын жоспарлау кезінде қандай қағидаларды ескерген жөн?
- Біздің жоспарымыз 7 бөлімнен тұрады. Олар:
- Ұйымдастыру-басқару жұмысы;
- Балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру;
- Әдістемелік жұмыс;
- Бақылау жүйесі;
- Ата-аналармен өзара әрекет ету;
- Балалармен жазғы мерекелік іс-шаралар жоспары;
- Іс-шараларды перспективтік жоспарлау.
Осы 7 бөлімде балабақша аумағын жазғы маусымға дайындаудан бастап, педагогтермен, тәрбиеші көмекшілерімен алдын ала жүргізілетін нұсқаулықтар, тақырыптық кеңестер («Жазғы кезеңде балалармен танымдық-эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру», «Балабақшадағы шынықтыру», «Жазғы маусымда балаларды сауықтыру», жазғы кезеңдегі су ішу және санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау; жедел ішек инфекциялары мен тағамдық уланулардың, кене энцефалитінің алдын алу; улану, күн соққысы, жәндіктердің шағуы және жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету) қамтылады.
Балабақшада педагогикалық процесті медициналық сүйемелдеу қарастырылған (штат бөлінген), сондықтан баланы жылы мезгілдегі шынықтыру және оның қозғалыс режимін ұйымдастыруда медицина қызметкерлері педагогтермен бірге тиімді, нәтижелі іс-шаралар кешенін жүргізеді. Атап айтатын болсақ: тыныс алу жаттығулары, көзге арналған жаттығулар, құлақ қалқандарына баланың өзінің массаж (самомассаж) жасауы, «Денсаулық жолымен» жалаң аяқ жүру, Рига әдісі бойынша шынықтыру. Балалардың таза ауадағы серуенін медицина қызметкері қадағалайды, су ішу тәртібін сақтауға және шынықтыру шаралары: күн ваннасы, ауа ваннасын қабылдауға баса назар аударады.
Жазғы кезеңде балалармен жүргізілетін іс-шаралар түрлері:
- Жазғысауықтыру-дамытужұмыстарынжоспарлаған кезде бізшынықтыру іс-шараларыменқатарбалалардыңқозғалысбелсенділігінарттыруғажәнеәртараптандыруғатырысамыз. Сондай-ақ танымдық дамытушы іс-шараларды қарастырамыз. Таңертеңгі қабылдаудан бастап барлық іс-әрекеттер таза ауада ұйымдастырылады, бұл ретте қауіпсіздік шараларын естен шығармаған абзал.
Балалармен жүргізілетін жұмыстар ай және апта тақырыптарын қамтиды, дәлірек айтқанда, іс-шаралардың перспективті жоспары әзірленеді. Мәселен, аптадағы бес күннің өз атауы бар:
- күн: «Бәрін білгім келеді»
- күн: «Тәжірибелер»
- күн «Шығармашылық»
- күн «Ойындар»
- күн «Презентация»
Ай және апта тақырыптарыосы аталған 5 күн атауына сәйкес жоспарланып, балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп жүзеге асырылады. Әр жұма күні дүйсенбі мен бейсенбі аралығында зерттелген, жинақталған ақпараттардың презентациясы жасалады. Осылайша, әр апта спорттық мереке, экскурсия, ойын-сауық, мерекелік іс-шаралармен қорытындыланады. Жаз айларында күнтізбеде белгіленген 3 мемлекеттік мереке және экскурсиялық жобалар да жоспарда қамтылғанын айта кету керек.