19
март
2025
"Қош келдің, Әз-Наурыз!". Ашық есік күні. Музыка жетекшісі: Байділдаева А.Б.



"Қош келдің, Әз-Наурыз!"
Ашық есік күні
Музыка жетекшісі ретінде балалармен бірге ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамына арналған ашық есік күнін ерекше көңіл-күймен өткіздік. Шара барысында балалар қазақ халқының ұлттық әндерін орындап, домбыраның үнімен танысты. Би қимылдары мен ойын элементтері қосылған сахналық көріністер арқылы кішкентай бүлдіршіндер халқымыздың бай мәдениетін көрсете білді. Ата-аналар мерекелік қойылымды тамашалап, балаларының өнеріне риза болып, алғыстарын білдірді.
Наурыз — жаңа күннің, жаңару мен татулықтың бастауы. Осындай ұлттық рухтағы іс-шаралар балалардың отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, халқымыздың өнеріне деген қызығушылығын оятады.