Бос педагог лауазымына конкурс жариялау (Музыка жетекшісі) » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос педагог лауазымына конкурс жариялау (Музыка жетекшісі)
05
январь
2025

Бос педагог лауазымына конкурс жариялау (Музыка жетекшісі)

Хабарландыру!


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ N13 БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ КММ

БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


Тараз қаласы.                                                                     05.01.2025 ж


БОС  ТҰРҒАН  МУЗЫКА   ЖЕТЕКШІСІ

(орыс және қазақ топтарына) ЛАУАЗЫМЫНА  КОНКУРС       ЖАРИЯЛАЙДЫ.


1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №13 КММ.

 Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, М.Жүнісалиев к-сі №11 үй

Анықтама, байланыс номері: 45-45-65

Электрондық пошта:d.sad_13@mail.kz


2. Негізгі функционалдық міндеттері:

 Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының  Білім туралы;   Педагог мәртебесі туралы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы; Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

 педагогикалық этиканың нормалары;

 балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;

 еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

 музыкалық ұйымдастырылған іс- әрекеттерді, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

 балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

 педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

 балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

 ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс, немесе білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.

Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат.

Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

 Музыка жетекшісі  лауазымы (негізгі орын-1 бірлік жүктеме), еңбек ақысы-120000 -140000тг 


Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс  күннен бастап 7 жұмыс күнінде  қабылданады.      

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.01.2025-15.01.2025ж.

Құжаттарды қарау: 16.01-22.01.2025 ж

Конкурс өткізу күні: 22.01.2025 ж


            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде,  электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.

            1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

            4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 21579 болып тіркелген).  

            7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

            8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

            9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).


Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.01.2025-15.01.2025ж.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив