Бос педагог лауазымына конкурс » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос педагог лауазымына конкурс
07
октябрь
2024

Бос педагог лауазымына конкурс

Хабарландыру


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ N13 БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ КММ

БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


Тараз қаласы.                                                                       07.10.2024ж


 БОС  ТҰРҒАН   МУЗЫКА  ЖЕТЕКШІСІ

 (орыс және қазақ топтарына) ЛАУАЗЫМЫНА  КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.


1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №13 КММ.

 Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, М.Жүнісалиев к-сі №11 үй

Анықтама, байланыс номері: 45-45-65 

Электрондық пошта: d.sad_13@mail.kz


2. Негізгі функционалдық міндеттері:

 Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының  Білім туралы;   Педагог мәртебесі туралы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы; Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

 педагогикалық этиканың нормалары;

 балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;

 еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

 музыкалық ұйымдастырылған іс- әрекеттерді, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

 балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

 педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

 балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

 ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

 Музыка жетекшісі  лауазымы (негізгі орын-1,5  бірлік жүктеме), еңбек ақы мөлшері: 150000 тг.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 8.10.2024-16.10.2024ж.

Құжаттарды қарау: 17.10-23.10.2024 ж

Конкурс өткізу күні: 22.10.2024 ж

Қажетті құжаттар: №57 бұйрық бойынша

- Өтініш

- Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)

- Жеке іс-парағы, фота

- Диплом (білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі)

- Еңбек кітапшасы (көшірмесі)

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив