Ата-аналарға » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)45-45-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-29-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
Консультациялық пункт. "Сөйлеу тілі дамымаған балаларды қолдау ерекшеліктері"
12
март
2024
Консультациялық пункт. "Сөйлеу тілі дамымаған балаларды қолдау
№13 бөбекжай-бақшасының логопед мұғалімі Искакова З.М. ата-аналарға балада жалпы сөйлеу тілінің дамымауының себептері мен "Тіл кемістігі неге көбейіп барады?" тақырыбында кеңес берді.  Балаларға диагностика жасады. 
Балабақшамен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған ашық есік күні.
27
декабрь
2023
Балабақшамен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың
Балабақшамен қамтылмаған консультациялық пункт тізіміндегі балалар мен ата-аналары, №13 бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі Мақұлбекова Салтанат ұйымдастырған, Жаңа жыл ертеңгілігіне шақырту алды.
Консультациялық пункт. Дәріс: "Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс тамақтануының негізгі ережесі".  Кеңес: "Үстел үстіндегі дәрумендер"
13
ноябрь
2023
Консультациялық пункт. Дәріс: "Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс
Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс тамақтануының негізігі ережесі, күнделікті азығының құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс. Бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар, ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністер, қант, нан, дәнді-дақылдар және т.б. азық-түліктерін күнделікті тамақ үлесіне қосып отырған жағдайда, баланың берік денсаулығын қамтамасыз ете алатындарын айтып өтті. Сонымен қатар ата-аналарға пайдалы дәрумендер туралы кеңестер берді.
Консультациялық пункт. "Балалардың бөбекжай - бақшаға бейімделуі"
12
октябрь
2023
Консультациялық пункт. "Балалардың бөбекжай - бақшаға бейімделуі"
№13 бөбекжай-бақша педагог-психологі Абаханова Г.Н. ата-аналармен кездесу ұйымдастырып, балалар үшін бөбекжай-бақшаға келу бастапқы кезеңде өте қиын болатынын, бейімделу процесін жеңілдету үшін, бұл кезеңде балаға ерекше көңіл бөлген маңызды екенін, бала отбасында қаншалықты бөбекжай-бақшаға дайындалған болса, соншалықты бейімделу кезеңінен тез және қолайлы өтетіндігін айтып өтті. Педагог-психолог :Абаханова Г.Н Ерте  жастағы балалардың бөбек-жай бақшаға табысты бейімделуіне байланысты
Консультациялық пункт ата-аналарына арналған ақпарат
02
октябрь
2023
Консультациялық пункт ата-аналарына арналған ақпарат
Тараз қаласының білім бөлімінің №13 бөбекжай-бақшасы коммуналдық қазыналық кәсіпорны мектепке дейінгі мекемеге балалары қамтылмаған ата-аналарға арналған Консультациялық кеңес пунктінің ашылуы туралы хабардар етеміз. Жоғарыда көрсетілген телефон нөмерлеріне хабарласу арқылы толық ақпарат ала аласыз.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ЖҰМЫСЫ
15
сентябрь
2023
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ЖҰМЫСЫ
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт (АКП) туралы ақпарат.