06
февраль
2020
"Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік ісшара
№13 бөбекжай-бақшасында "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік аясында өткізіліп жатқан "Ән көңілдің ажары" тақырыбында байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың мақсаты: бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнеге, биге деген қабілеттерін шыңдау. Фистиваль- конкурсқа жетекшілік еткен бөбекжай- бақшаның музыка жетекшісі Қалмаханова Дина. Байқауға бөбекжай- бақшаның ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері қатысып жүлделерге ие болды.
Әділқазы алқасы сайланып, балалардың өнерін бағалап, түрлі сыйлықтар мен дипломдармен марапаттады. Бас жүлде №2 "Қонжық" ересек тобының тәрбиеленушісі Барлыбай Айя, №8 "Құлыншақ" мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Бейбіт Бексұлтан, Наду Медина, Рысбек Алихан марапатқа ие болды. І орынға "Алтын балық" мектепалды даярлық тобы Аширхан Нермин, №10 "Бәйтерек" ортаңғы тобы Ертілеу Ақниет амрапатталды. ІІ орынға №1 "Күншуақ" ортаңғы топ тәрбиеленушісі Досмағанбет Раяна, №9 "Айгөлек" ортаңғы топ Таласбай Даниял, Нұржанқызы Ақниет ие болды. ІІІ орын №12 ересек топ тәрбиеленушісі Жуманова Аделя, №6 "Құлпынай" тобы Бейсенбай Раяна марапатталды.












