Конкурс нәтижесі (музыка жетекшісі орыс және қазақ топтарына)
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №13 бөбекжай - бақшасы» МКҚК-ның педагогтерін лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ №85
Тараз қаласы 27 наурыз 2025 жыл
Қатысқандар:
Комиссия мүшелері: Ш.Ж.Байғараева, П.Р.Инкарбаева, А.Суттибаева.,
Қатыспаған: А.М.Стыбаев, А.Б.Алишери.
Хатшы: Г.Н.Абаханова
Күн тәртібі:
№13 бөбекжай - бақшасының бос тұрған музыка жетекшісі (орыс және қазақ топтарына) лауазымына конкурсқа үміткердің үлгілік біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау туралы.
Комиссия мүшелері өзара кеңесіп, ортақ шешім қабылдап, комиссия төрағасын сайлау рәсімін бастады. Әрбір мүшенің ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, жауапты міндетті атқаруға комиссия төрағасы ретінде тәрбиеші П.Р.Инкарбаева сайланды.
Тыңдалды: П.Р.Инкарбаева комиссия төрайымы ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен (24.12.2024 №362 өзгерістерімен) бекітілген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес 06.03.-17.03.2025 жыл аралығында, №13 бөбекжай -бақшасы музыка жетекшісі (орыс және қазақ топтарына) лауазымына өтініш білдірген кандидаттың құжаттарына зерделеу жүргізілді.
Төмендегі үміткер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №13 бөбекжай-бақшасы» МКҚК-нің бос тұрған музыка жетекшісі (орыс және қазақ топтарына) лауазымына Мүсілім Арайлым Заутбекқызы құжаттары сәйкес деп ұсынылсын.
Үміткер музыка жетекшісі (орыс және қазақ топтарына) лауазымына Мүсілім Арайлым Заутбекқызының құжаттарын зерделеу барысында, бағалау парағы нәтижесінде 7 балл жинады.
Шешімі: Бос тұрған музыка жетекшісі (орыс және қазақ топтарына) лауазымына Мүсілім Арайлым Заутбекқызын тағайындауға мекеме басшысына құжаттары ұсынылсын.
Конкурстық комиссияның төрағасы:/ / П.Р.Инкарбаева
Хатшы: / / Г.Н.Абаханова
Комиссия мүшелері: ___________ Ш.Ж.Байғараева
___________А.М.Стыбаев
___________П.Р.Инкарбаева
___________А.Суттибаева