Уақытша бос тұрған тәрбиеші (орыс тобына) лауазымына конкурс жариялау » №13 бөбекжай бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№13 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262)45-45-65
bookkeeping:
+7(7262) 45-29-09
Version for
visually impaired
» » Уақытша бос тұрған тәрбиеші (орыс тобына) лауазымына конкурс жариялау
12
May
2025

Уақытша бос тұрған тәрбиеші (орыс тобына) лауазымына конкурс жариялау

Хабарландыру


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ N13 БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ МКҚК

БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


Тараз қаласы.                                                                                          12.05.2025 ж


УАҚЫТША БОС   ТҰРҒАН  ТӘРБИЕШІ (орыс тобына) ЛАУАЗЫМЫНА  КОНКУРС       ЖАРИЯЛАЙДЫ.


1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №13бөбекжай-бақшасы МКҚК.

 Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, М.Жүнісалиев к-сі №11 үй

Анықтама, байланыс номері: 45-45-65

Электрондық пошта:d.sad_13@mail.kz


2. Негізгі функционалдық міндеттері:

 Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының  Білім туралы;   Педагог мәртебесі туралы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы; Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

 педагогикалық этиканың нормалары;  

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:

- Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

- режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

- балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

- дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

- қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

- мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

- мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

- мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат.

Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Тәрбиеші лауазымы (уақытша бос орын -1 бірлік жүктеме).

Еңбек ақысы орта есеппен - 120000 -142000 (жүз қырық екі мың).


Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс  күннен бастап 7 жұмыс күнінде  қабылданады.      

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.05.2025-21.05.2025ж.

Құжаттарды қарау: 22.05-28.05.2025 ж

Конкурс өткізу күні: 28.05.2025 ж

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде,  электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

       8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

       12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

       13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. 

      14. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

       15. Осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.


Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.05.2025-21.05.2025ж.

.














Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив